«Amanat» партиясы премьер-министр лауазымына Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды


06/02/2024
11:39 8895 0

Фото: Ақорда

 

«Amanat» партиясы премьер-министр лауазымына Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды. Бұл жөнінде Ақорда баспасөз қызметі хабарлады. 

 

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламент Мәжілісінің және «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Премьер-Министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды, – делінген Ақорда мәлімдемесінде. 

 

Бүгін, 6 ақпанда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың парламенттің пленарлық отырысына қатысатыны жөнінде айтылған. 

 

– Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, депутаттардың келісімін алу үшін жаңа премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылады, – деп хабарлады Ақорда.

 

1980 жылы туған Олжас Бектенов 2006-2009 жылдары және 2014-2015 жылдары президент әкімшілігінде жұмыс істеген. 

 

2017-2018 жылдары Ақмола облысы әкімінің орынбасары, 2019-2023 жылдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары, төрағасы қызметтерін атқарған.

 

Поделиться

Нет комментариев.

06/02/2024 11:39
8895 0

Уведомление